Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Канада премьер-министрі коронавирус жұқтырды

 Канада премьер-министрі Джастин Трюдо өзінің коронавирус жұқтырғаны туралы Twitter-де жазды.

Канада премьер-министрі коронавирус жұқтырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Джастин Трюдо жалпы мемлекеттік ережеге сәйкес енді апта бойы үйден жұмыс істейді. Ол өзін жақсы сезінетіндігін мәлім етті. Премьер-министр отандастарын коронавирустық инфекцияға қарсы екпе алуға шақырды. 29 қаңтарда Трюдо отбасымен бірге қауіпсіздік мақсатында Оттавадан кеткені хабарланған болатын. Ел астанасында демалыс күндері міндетті екпеге қарсы жаппай наразылық өтті.

Атап айтқанда, Америка Құрама Штаттарына баратын жүк көліктерінің жүргізушілері АҚШ шекарасын кез келген бағытта кесіп өтетіндерге 15 қаңтардан бастап енгізілген міндетті вакцинация салдыру талабына қарсылықтарын білдіруде. Үкіметтік мәліметтерге сәйкес Канаданың шетелге сапар жасайтын 120 000 жүк көлігі жүргізушілерінің 90% вакциналанған. 2021 жылдың 18 желтоқсанындағы жағдай бойынша 12 және одан жоғары жастағы канадалықтардың 87,3%-і екпенің екі дозасын алды. 

Қазір оқып жатыр

Танымал қазақстандықтар Құрылтай сайлауының қарсаңында «Әділет» партиясына қолдау танытты

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Сот Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуін жәбірленуші мәртебесінде қалдырды

Әділет Зейнел

Журналист Гүлнар Бажкеноваға үкім шықты

Гүлнар Бажкенова

Марқұм Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартпақ

Әділет Зейнел