Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қан анализі вирустың қаупін көрсетеді

Массачусетс ауруханасының мамандары қарапайым қан анализі коронавирустан өлім қаупін анықтауға мүмкіндік беретінін анықтады, – деп хабарлайды JAMA Network Open.

Қан анализі вирустың қаупін көрсетеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сондай-ақ, мамандар қан талдауы науқасты емдеуге қалай әсер ететінін, әрі қажет болған жағдайда терапияны өзгертуге септігін тигізетінін анықтаған.

Сарапшылар 2020 жылдың басында Бостон ауруханасына коронавирус жұқтырған 1 641 науқастың қан талдауына эритроциттердің көлемі бойынша таралуына (RDW) зерттеу жүргізген. Бұл анализ науқас қанындағы ең үлкенінен ең кішкентайға дейінгі эритроциттің айырмашылығын көрсетеді.

Қазіргі таңда аталған әдіс анемия, жүрек ауруы, қан ауруы және қант диабеті сияқты әртүрлі ауруларды диагностикалау үшін қолданылады.

Көрсеткіштің төмен болуы барлық қан денешіктерінің бірдей көлемде екенін көрсетеді. Сондай-ақ, көрсеткіштің жоғары RDW болуы әдетте адамның нашар тамақтанатынын білдіреді. Алайда АҚШ зерттеушілері көрсеткіштің жоғары нәтиже көрсетуі COVID-19-дан болатын өлім-жітіммен байланысты екенін анықтаған.

Зерттеу барысында RDW жоғары нәтиже көрсетіп, ауруханаға түскен науқастар вирустан 2,7 есе жиі өлетіні белгілі болған. Сонымен қатар, RDW жоғары нәтиже көрсетуі COVID-19 жұқтырған жас науқастардан да анықталыпты.

Сарапшылардың болжамынша, RDW көрсеткіші науқасты ауруханаға жатқызу кезінде оның денсаулығын бақылайтын пайдалы биомаркер бола алады. Яғни, ол науқастың жағдайын бақылауға мүмкіндік беретін индикатор болмақ.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы мұнай-газ кәсіпорнында жоспардан тыс тексеріс басталды

жоспардан тыс тексеру

​Назарбаевтың кезінде тарихшылар тоғыз ай жалақысыз отырған – Жақсылық Сәбитов

Жақсылық Сәбитов/Decaf

Қарағандыда 56 жастағы тиктокер әйел болып киініп, балалармен таныспақ болған

стример

Алматының тау бөктерінде 9 қабаттан биік ғимараттар салуға қандай жағдайда рұқсат беріледі?

жалған тәжірибе, мемлекеттік сатып алу