USD
USD
USD

Қан обырының бес жылдық өмір сүру деңгейі 70 %-ға дейін өсті

Бұл туралы 24.kz телеарнасы хабарлады. 

дәрігер
Фото: steppenews.kz

Бұл көрсеткіш орта Еуропалық көрсеткішке жақын және оған бірқатар факторлардың – диагностиканың заманауи әдістерінің, қызметтің кадрлық күшеюінің, онкологиямен ауыратын науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің арқасында қол жеткізілді.

Бүгінгі таңда гемопоэтикалық және лимфа тіндерінің ісік ауруларымен есепте 13 мыңға жуық қазақстандық тұр. Қан аурулары екі үлкен топқа бөлінеді.

Сүйек кемігінде ісік пайда болған кезде лейкемия, лимфоидты тіндерде лимфома диагнозы қойылады. Негізгі емдеу әдісі - химиотерапия. Ауыр жағдайларда өмірді орта есеппен бес жылдан жоғары ұзарту үшін пациенттерге сүйек кемігін трансплантаттау қажет.

Қазақстанда мұндай операция онкогематологияның мамандандырылған орталығында жүргізіледі. 15 жылдың ішінде мұнда 700 трансплантация жасалды.

Қазір оқып жатыр

Алматы тау кластері: Қазақстан туризмінің болашағы қандай?

 Kazakh Tourism Development

Тоқаев Жеңіс Қасымбекті тағы да мақтады

.

Пойыз билеттері 30%-ға дейін арзандайды

Жолаушылар пойызы

«Бай-бағландар да, биліктегілер де келеді»: уролог ерлерге арналған операциялар туралы айтты

Decaf