USD
USD
USD

Төртінші қола: Қамшыбек Қоңқабаев Ричард Торресті жеңе алмады

Бокстан ұлттық құраманың капитаны Қамшыбек Қоңқабаев АҚШ боксшысы Ричард Торреске қарсы кездесуін сәтті аяқтай алмады. Боксшылардың жартылай финалдағы жекпе-жегі тартысты болды.

Төртінші қола: Қамшыбек Қоңқабаев Ричард Торресті жеңе алмады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 91 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз 22 жастағы америкалық боксшыдан айласын асыра алмады. 

Отандасымыз алғашқы раундта екінші нөмірде өнер көрсетіп жүріп, тек бір төрешінің оң бағасын алды. Бірінші раунд 4:1 есебімен Ричардтың пайдасына шешілді. 

Екінші раундта Қамшыбек жойқын соққыларын дарыта білді. Кездесудің соңғы секундында боксшылар соққы алмасып, отандасымыз ноудаунға түсіп қалды. 

Ал, шешуші раундта Қамшыбек ауыр жараланып, кездесу уақытынан бұрын аяқталды.  

Енді, Ричард Торрес өзбекстандық Бахадур Жалаловпен алтын үшін жекпе-жекке түседі.

Қазақстан құрамасының капитаны Токиодағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды.

Айта кетелік, бокстан Токио Олимпиадасына толық құраммен барған Қазақстан командасы сапынан жартылай финалға Сәкен Бибосынов пен Қамшыбек Қоңқабаев өткен болатын. 

Қазір оқып жатыр

Ризван Гусейнов: Құрылтай сайлауы Қазақстанның саяси жаңғыруындағы маңызды кезеңге айналады

.

«Самұрық-Қазына» «Қазақстан халқына» қорына 62,2 млрд теңге бөледі

«Самұрық-Қазына»

Алматыда жекеге заңсыз өткен теміржол ауруханасы мемлекетке қайтарылды

Теміржол апаттар медицинасы госпиталі

Ақтауда автогаз құю бекеттеріндегі кезек азайды

Ақтау