USD
USD
USD

Қамшыбек Қоңқабаев мысырлық боксшыдан басым түсті

Мемлекет басшысының қолынан көк байрақты алып, оны Токио Олимпиадасының ашылу салтанатында көкке көтеріп жүріп өткен отандасымыз, бокстан ұлттық құраманың капитаны Қамшыбек Қоңқабаев египеттік Юсри Хафезге қарсы кездесуін сәтті аяқтады. 

Қамшыбек Қоңқабаев мысырлық боксшыдан басым түсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 91 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз 27 жастағы мысырлық боксшыдан айласын асырды. 

Алғашқы раунд аңдысумен өткендей. Бір жағы қарсыластың бойы отандасымызға қарағанда биіктеу екендігі байқалды. Қамшыбек арақашықтықты сақтай жүріп өнер көрсетті. Екінші раундқа дейінгі үзілісте бапкерлер «аяғыңды абайла, басыңды сақта» деген кеңес берді. Бірінші раунд қорытындысы бойынша төрешілер толық 10 ұпайды отандасымыздың пайдасына шешті. 

Екінші раунд та дәл сондай қарқынмен өрбіді. Екі боксшы бар тәжірибесі мен ақыл-айласын салып бақты. Бұл кездесуде де отандасымыз үздік шықты. 

Шешуші раунда Қамшыбек бірінші нөмірді қолдан берген жоқ. Қарсыласқа тоқтаусыз соққы беріп, шарасыз қалдырды. Осылайша Қамшыбек Қоңқабаев мысырлық боксшыдан 5:0 есебімен басым түсті.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жекеге заңсыз өткен теміржол ауруханасы мемлекетке қайтарылды

Теміржол апаттар медицинасы госпиталі

Ақтауда автогаз құю бекеттеріндегі кезек азайды

Ақтау

Қазақстандағы ақылы жол тарифі шетелмен салыстырғанда 15–40 есе төмен

Ақылы жолдар

Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты

Абылай Мырзахметов