USD
USD
USD

Қамқор полицейлер

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті басшысының жеке блогына астаналық полиция қызметкерлерінің атына айтылған мақтаулар мен жақсы пікірлер көптеп түседі», деп жазады елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қамқор полицейлер
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жуырда әлеуметтік желіде елордалық екі полиция қызметкерінің бір әйелге мәшине дөңгелегін айырбастап беріп жатқан видеосы жарияланды. Жол бойындағы жүргізуші әйелге көмек қолын созғандар – аға лейтенант Ризабек Құттыбаев пен сержант Райымбек Сағынтаевтар екен. Қос полицей мінген экипаж көлігі Нұр-Сұлтан қаласының Рысқұлов көшесімен келе жатып, жолда өз бетінше көлік дөңгелегін ауыстырмақ боп жатқан әйелді көреді. Полицейлер түсе сап, оған көмектескен.

Патрульдік полиция полкінің командирі Нұрлан Қалиевтің айтуынша, полиция қызметкерлері көшеде мұндай жағдайларға жиі кездесіп, қиындыққа тап болғандарға көмектерін аямайтын көрінеді.

Қазір оқып жатыр

«Ордабасы» ҚПЛ жеңімпазы атанды

Ордабасы

«Тентек» шахтасы кейінгі он жылда алғаш рет миллион тонна көмір өндірді

.

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент