USD
USD
USD

«Камызяки» тобының Алматыдағы концертіне билеттер сатылымы уақытша тоқтатылды

Kino.kz және Ticketon сайттарында «Камызяки» КВН командасының концертіне билеттерді онлайн сатып алу уақытша тоқтатылды. 

«Камызяки» тобының Алматыдағы концертіне билеттер сатылымы уақытша тоқтатылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Сеансты брондау мүмкін емес (сеанс жойылды немесе брондау уақыты бітті)», - делінген Kino.kz сайтының билет сатып алу кезінде пайда болатын хабарламасында. 

Бұған дейін жұртшылық «Камызяки» тобының Қазақстанда концерт беруіне қарсылық танытқан еді. Тіпті «Камызякидің» Қазақстанда жоспарланған концерттерін өткізбеу туралы петиция да жарияланған.

Еске салайық, «Камызяки» тобының мүшелері Азамат Мұсағалиев пен Денис Дорохов Ресей басып алған Украинана аймақтарына барып, Ресей әскері мен жергілікті халыққа қолдау білдірген еді. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты