USD
USD
USD

Камил Шеремета: Көгерген көз, қақсаған жақ жазылар, намысты қайтемін?..

Польшалық боксшы Камил Шеремета Геннадий Головкиннен жеңілгеннен кейінгі жағдайын айтты. Мұны ол әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.

Камил Шеремета: Көгерген көз, қақсаған жақ жазылар, намысты қайтемін?..
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қиын болатынын білдім. Генаның әр соққысы оңбай тиіп жатты. Құладым, тұрдым да қайта жалғастырдым. Жетінші раундтан соң төреші келді де, менің қауіпсіздігім үшін кездесуді тоқтататынын айтты. Бұл дұрыс шешім еді. Одан әрі де ештеңе өзгерте алмас едім. Головкин жоғарғы лигада ғой.

Жеңіліп қана қойғаным жоқ, аса құнды тәжірибе жинадым. Бұған дейін өткізген 21 кездесуімнің бәрінен осы құнды болды. Үйге қайтам, сүйікті отбасыма барам. Әзірге ештеңе ойлағым келмейді. Көгерген көз, қақсаған жақ жазылар, намысты қайтемін?..», – деп ағынан жарылыпты Шеремета.

Қазір оқып жатыр

Дильназ Ахмадиева мен «Азия» тобының милфа туралы бейнебаяны желіде дауға қалды

Дильназ Ахмадиева

Астана әуежайында ЖИ арқылы биометриялық тексеру енгізілмек

Әуежайдағы тексеру

Астанада Tesla -мен соқтығысқан жүк көлігі көпірден ұшып кетті

Оқиға орны

«Ақтөбе» жанкүйерлерінің әрекеті дау тудырды: клуб алты қызға салынған айыппұлды толық төлеп бермек

«Ақтөбе» ФК