USD
USD
USD

Кәмелетке толмаған үш баланы көлік қағып кетті

Шығыс Қазақстан облысында жүргізуші кәмелетке толмаған үш баланы қағып кетті, – деп хабарлайды ШҚО ПД.

 Кәмелетке толмаған үш баланы көлік қағып кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 19 наурызда сағат 14:20 шамасында Шемонаихадағы Вокзальная көшесінде Nissan Skyline көлігінің 25 жастағы жүргізушісі кәмелетке толмаған үш баланы (2007, 2013, 2018 жылы туған) қағып кеткен. Оқиға салдарынан кәмелетке толмаған жаяу жүргіншілер түрлі дене жарақатымен Шемонаиха аудандық ауруханасына жеткізілді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 2-бөлігі "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша соталды тергеу басталған.

Көлік жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалған, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Соталды тергеу жалғасып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Көкшетау әкімдігі құны 70 млн теңге болатын 2,4 га жерді заңсыз берген

Жер учаскесі

Марат Сұлтанғазиев Алматы облысы әкімі қызметінен босатылды

Марат СҰЛТАНҒАЗИЕВ

40 жаста жүзуді бастаған қазақ қызы Балқаштың 21 шақырымын қалай бағындырды?

Балқашты жүзген қазақ әйелі

«Бағаны түсіруге мәжбүр болады»: қазір пәтер алған тиімді ме?

.