USD
USD
USD

Кәмелетке толған бала ата-анасының зейнетақы жарнасын емге пайдалана алады

Ата-анасының зейнетақы жарналарын кәмелетке толған балалары емге пайдалана ала ма? Электронды үкімет сайтында қойылған бұл сұраққа Еңбекмин жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кәмелетке толған бала ата-анасының зейнетақы жарнасын емге пайдалана алады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 20 жастан бастап жұмыс істейтін қазақстандықтар «ең төменгі жеткілікті шек» мөлшерінен асқан жағдайда, зейнетақы жинақтарын емделуге пайдалана алатынын атап өтті.

Мамандардың сөзінше, бұл ақшаны тұрғын үй мәселесін шешуге, азаматтардың денсаулығын жақсартуға, қымбат тұратын медициналық қызметтердің белгілі бір түрлерін алуға жұмсауға болады.

Бұл ретте Еңбек министрлігі "Неке және отбасы туралы" Заңның нормалары ата-анасын, асырап алушыларды, асырап алынғандарды, бір туған бауырларды, әпке-сіңілілерді, атасы мен апасын қамтитын жақын туыстардың бір реттік зейнетақы төлемдері арқылы емін төлеп беруге мүмкіндік беретінін де атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Көлік жүргізушілерінің шағымынан кейін Павлодардағы бензин сапасы тексеріліп жатыр

Бензин, дизель

Алматыдағы блэкаут: Бектенов оңтүстік өңірлерді электр энергиясымен қамтуды күшейтуді тапсырды

электр

8 мың Ақтөс бар: Қазақстанда үй жануарларына қойылатын танымал есімдер аталды

Ит пен мысық

Алғашқы Құрылтай сайлауында «Әділет» партиясы 71,17% дауыс жинап, жеңіске жетті

Құрылтай сайлауы