USD
USD
USD

Кәмелетке толмаған баланы қоқытып, ақша бопсалағандар сотталды

Сот үкімімен кәмелетке толмаған баладан ақшаны қорқытып алғаны үшін төрт адам сотталды.

бала
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Сотталғандар жәбірленушінің шетелге оқуға баратынын және ата-анасына тиесілі ақша қаражаты бар екенін біліп, сөз байласып, кәмелетке толмаған баладан 20 млн теңге талап еткен. Психологиялық қысым жасап, атыс қаруын көрсете отырып, олар 4 млн теңге көлемінде соманың бір бөлігін алған.

Топтың екі мүшесі жәбірленушіден тағы 100 мың теңге ақша алу кезінде ұсталған. Артынша қылмысқа қатысушылардың қалғаны құрықталған. Мемлекеттік айыптаушымен олардың кінәсі толық дәлелденді. Қылмыскерлердің әрқайсысы 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын толық өтеліп, сонымен қатар сотталғандардан 2 млн теңге көлемінде моральдық өтемақы өндірілді.

Үкім заңды күшіне енді. 

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті