USD
USD
USD

Қамауға алынған кәсіпкердің туыстары Ақорда алдында Тоқаевпен кездесуді талап етуде

Қамауға алынған кәсіпкердің – елордалық «Дипломат» қонақ үйінің бұрынғы қожайыны Әбдулғани Беделханның туыстары Ақорда алдында президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуді талап етуде, деп хабарлайды ҚазТаг.

Қамауға алынған кәсіпкердің туыстары Ақорда алдында Тоқаевпен кездесуді талап етуде
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Біз Тоқаевтан бізді қабылдауын талап етеміз. Прокуратура бізге көмектеспеді. Менің ұлымды 3,5 айдан бері тергеу изоляторында ұстап отыр. Бізді қабылдамайынша біз осы жерде тұрамыз, не болмаса мен өзіме бензин құйып өртеймін», - деді Ақорда алдындағы алаңда анасы Сұлушаш.

Алаңға алты адам келді, үстіндегі жейделерінде тергеу изоляторында отырған кәсіпкер Беделханның суреті бейнеленген. Кәсіпкердің әйелі мен тағы бір әйел емізулі балаларымен шыққан. Олардың барлығы Шымкенттен келіпті.

Алаңда жүрген полиция қызметкерлері шеруге шығушылардың қолындағы плакаттарды тартып алуға тырысты, бірақ оларынан ештеңе шықпады.

Кейін қарсылық танытушыларға полиция өкілі шығып, оларға президенттің көмекшісі Аида Балаеваға «15 подъезге» баруды ұсынды, алайда олар барудан бас тартты.
«Біз сенбейміз, Балаеваның өзі осы жерге келсін», - деп жауап берді жиналғандар.

Беделханның туыстары кәсіпкерді тергеу изоляторында заңсыз ұстап отыр, оның арызданушыға «Дипломатты» қайтарғанына қарамастан, уәде бергендеріндей, бостандыққа шығармаған.

Қазір оқып жатыр

Temu мен Shein киімдері Еуропадағы қоқыс контейнерлерін толтырып жатыр

Temu

Ұлттық кітап күні Жетісуда челлендж, буккроссинг, саяхат сабағы, дефиле және басқа да заманауи форматта өтуде

жетісу

Астанада мас күйде көлік жүргізген Бас прокуратура қызметкері қамауға алынбаған

мас күйде көлік жүргізу

Шағын және орта бизнесті қолдау көлемі 3 трлн теңгеге дейін ұлғаяды

кәсіпкерлік