USD
USD
USD

Қамауға алынған әйел тергеу изоляторында босанды

Өскемен қаласында қамауға алынған 30 жастағы әйел тергеу изоляторында босанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қамауға алынған әйел тергеу изоляторында босанды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жүктіліктің 8-ші айында қамауға алынған әйел адам жеке камераға орналастырылған. Толғақ басталған кезде уақытша ұстау изоляторындағы медициналық бөлімнің қызметкерлері жедел жәрдем шақырып, оны ауруханаға жеткізді. «Ол аман-есен қыз туып, тергеу изоляторына қайта оралды. Біз өз тарапымыздан барлық қажетті заттармен қамтамасыз еттік. Қазір әйелге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Ол қызды күйеуіне және туыстарына беру туралы шешім қабылдады. Мекеме қызметкерлері бәрін ұйымдастырып, баланы күйеуіне тапсырды», - деп хабарлады ведомство өкілдері. Әйел тергеу изоляторының қызметкерлері үлкен көмек көрсеткенін айтты. Өйткені, перзентханада болған кезде карантинге байланысты туыстары оған бара алмаған. Айта кетейік, қамаудағы әйел адам бұған дейін сотты болмаған. Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян