USD
USD
USD

Қамаудан босап шыққандар әкімшілік қадағалауға алынады

Заң жобасында жеке профилактикаға ерекше мән беріледі.

Жазу
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Құқық бұзушылықты ерте анықтау және алдын алу үшін қосымша жеке шаралар енгізіледі. Олар: ресми ескертулер, цифрлық отбасы картасы арқылы жеке тұлғаларды тіркеу, кәмелетке толмағандарға тәрбиелік қолдау көрсету және ықтимал құрбандармен байланысқа тыйым салу. Бұл шаралар қауіпке дер кезінде ден қоюға және бұзушылықтардың қайталануын болдырмауға мүмкіндік береді.

Жеке алдын алу шаралары қолданылатын құқық бұзушылық жасауға бейім тұлғалардың тізімі кеңейтіледі. Құқық бұзушылық жасау ықтималдығы жойылғанға дейін «қасақана құқық бұзушыларға» қатаң профилактикалық шаралар қолданылады. Сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған барлық тұлғаларға әкімшілік қадағалау енгізілетін болады (қазіргі уақытта бұл тек педофилдерге, лаңкестерге және қайталап қылмыс жасағандарға қатысты).

Бұл шара олардың әлеуметтік нормалар мен оңалту шарттарын сақтауын бақылауға мүмкіндік береді. Әлеуметтік оңалту олардың дұрыс жолға түсуіне көмектеседі. 

Қазір оқып жатыр

Санжар Боқаев 10 жылға сотталды

бокаев

Ақтөбеде қайтарылған активтер есебінен салынған 300 орындық арнайы балабақша ашылды

Ақтөбе

Семейде жаңа туған сәбиін қоқыс жәшігіне тастаған әке өмір бойына сотталды

сотталған

Күйеуінің қолынан ажал құшқан астаналық тұрғынның анасы соттың ашық өтуін талап етті

Жазира Адауова