USD
USD
USD

Қамауда жатқан Мейіржан Төребаев хат жолдады

10 күнге қамауға алынған қазақстандық вайнер Мейіржан Төребаев өзін мойындату үшін қамауға алғанын мәлімдеп, хат жолдады, деп хабарлады ҚазТаг.

Қамауда жатқан Мейіржан Төребаев хат жолдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Мен, Төребаев Мейіржан, өзімнің қаржы пирамидасына қатысым жоқ екенін айтқым келеді. Мені 10 күнге қамауға алғандарына барлығы (изолятордағылар) таң қалып жатыр. Бұл нақты дәлелдердің болмауына байланысты деп ойлаймын. Білетін адамдар мұны мені мойындату үшін жасады дейді. Олай емес деп үміттенемін, нәтижесін 10 күннен кейін көреміз», - деді Түребаев адвокаты Ерлан Макеновтен беріп жіберген хатында. 

Адвокат айтуынша, вайнердің өзі хатты жариялауды өтінген.

«Төребаев Мейіржан кінәлі емес! Бүгін Алматыда зардап шеккендердің баспасөз мәслихатында жәбірленушілер, соның ішінде жәбірленуші Досмаилова Бағила да осылай дейді. Жәбірленушілердің пікірінше, вайнерлерді қаржылық пирамида құрды деп айыптау – Алматы қалалық ІІД (Полиция департаменті – ҚазТАГ) қызметкерлерінің идеясы», - деді Мәкенов.

Қазір оқып жатыр

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити