USD
USD
USD

Камалжан Надыров коронавирустан қалай емделгенін айтты

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров коронавирус инфекциясынан қалай емделгенін айтты. 

Камалжан Надыров коронавирустан қалай емделгенін айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Індет ауыр дәрежеде өтті. Жалпы, классикалық сценарий бойынша өтті деп айтуға болады. Өкпем қабынды. Елордадағы стационарлардың бірінде емделдім», - деді К. Надыров Орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн баспасөз қызметінде.

Оның сөзіне қарағанда, ем-домды бекітілген диагностика және емдеудің клиникалық хаттамасына сай жасаған.

«Бұл стационарда 15 күн болдым. Осы орайда өзінің міндетін адал атқарып жүрген әріптестеріме шын жүректен алғысымды айтқым келеді. Олар тәулік бойы стационарларда қызмет етуде», - деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар, ол инфекциядан емделіп жатқан науқастарды мамандардың барлық нұсқауларын орындауға шақырды. Еске сала кетейік, 22 сәуірде Денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылған Камалжан Надыровтан коронавирус анықталған болатын.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қорғаныс министрлігін тексеретін арнайы комиссия құрды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Бурабайда шетелдік ғалымдар Өр Алтайдың түркі өркениетіндегі тарихи рөлін талқылады

.

Тимур Турлов FIDE президенті болып сайланды

Тимур

Мемлекет экс-әкіммен байланысты қоқыс полигонын қайтарып алды

Бағдат Қарасаев