USD
USD
USD

Камала Харрис Дональд Трампқа қоңырау шалып, жеңісімен құттықтады

Камала Харрис Дональд Трампқа қоңырау шалып, президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Камала Харристің көмекшісі мәлімдеді.

Камала Харрис
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Көмекшінің айтуынша, екеуара әңгіме бірнеше минутқа ғана созылған.

Харрис Трамппен билікті бейбіт жолмен ауыстыру туралы сөз қозғаған. Олар биліктің бейбіт жолмен ауысуы және барлық америкалық үшін президент болудың маңыздылығын талқылаған.

Естеріңізге сала кетейік, АҚШ-та президент сайлауы 5 қарашада өтті. Соңғы деректерге сәйкес, Дональд Трамп қажетті 270 дауыстың 292 дауысын, ал Камала Харрис - 226 дауыс жинады. 

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп сайлауда жеңіске жетіп, Ақ үйге оралды. 

Қазір оқып жатыр

Бектенов: «Самұрық-Қазына» қорының жаңа басшысы жақын арада тағайындалады

Самұрық-Қазына

«Қайраттың» 14 футболшысы Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері атанды

Қайрат

Ақтөбеде кәсіпкерді атып кетті деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталды

Күдікті

Қазақстанда әлеуметтік желілерді пайдалануға жаңа шектеулер енгізілмек

әлеуметтік желілер