USD
USD
USD

Қалта ұрылары қалай әрекет етеді?

Полиция қалта ұрыларының қалай әрекет ететінін көрсетті, деп хабарлайды Polisia.kz

Ұрлық
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Алматы полициясы қалта ұрыларының қалай әрекет ететінін нақты көрсететін арнайы репортаж дайындап, олардың құрбанына айналмауға кеңес берді.

– Видеодағы әрекеттің қоғамдық көлікте өтуі бекер емес, себебі қалта ұрлығының көбі сол жерде болады. Азаматтардың баяулығы қаскөйлерге тиімді. Бұл бейнероликте біз ұрылардың ұялы телефондарды, әмияндарды қалай ұрлайтынын көрсетіп, құнды дүниелерді қайда жасырған дұрыс екендігі туралы кеңес бердік. Бұл бейне өнім жас шектеусіз кең аудиторияға арналған. Айтпақшы, балалар – мектеп оқушылары мен студенттер адамдар көп жиналатын орындарда өз мүлкін қорғау шаралары туралы білгені жақсы, өйткені олар оңай жолмен ақша табуды ұнататындардың қылмыстық қол сұғушылықтарының объектісіне айналады, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Науатов. 

Қазір оқып жатыр

Алматы тауларында ақырған аю даусынан қорыққан туристер құтқарушыларды шақырды

Аю

Тимур Турлов FIDE-нің Ресейге қатысты басты ұстанымын айтты

Тимур Турлов

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті