USD
USD
USD

Инспектор Қалихан Оразханұлы: Мамандығымды сүйемін

Табиғатқа етене жақын адамдар болады. Олардың бұл құмарлығы мамандық таңдауға да әсер етеді.

Инспектор Қалихан Оразханұлы: Мамандығымды сүйемін
Фото: NEGE.kz

Ару қала Алматының көркі - "Іле-Алатау" ұлттық паркіне жататын мен мұндалаған таулар мен тамаша табиғат. Осы табиғатты қорғап жүруді өзіне мақсат етіп қойған арнайы адамдар бар екенін білесіздер ме? "Іле-Алатау" паркінің "Алма-Арасан" шатқалында қызмет ететін инспектор Қалихан Оразханұлы осындай абзал жанның бірі.

Қазір ол жаңадан ашылған визит-орталыққа ауысқанына қуанышты. Визит-орталық тауға келушілер қажетті ақпарат алатын, туристерге қызмет ететін, елдегі экотуризмді қалыптастыруға бағытталған ошақ. Орталық жұмысын еліміздегі ұлттық парктарда экотуризмді дамытып жатқан оператор компания Turanga Group ұйымдастырды. Қазір орталықта келушілерге таудағы қауыпсіздік бойынша лекциялар оқылады, отандық флора мен фауна бейнеленген сувенирлер сатылады, түрлі сүрлеулер мен соқпақтардың карталары бар.

Қазір оқып жатыр

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Мың доллардың футболкасын кім алады?»: Миллионер Арсен Томский Esentai Mall-дағы бағаға таңғалды

Арсен Томский