USD
USD
USD

Калифорниядағы орман өртінен 6 адам мерт болды

АҚШ-тың батысындағы өрт сөндірушілер тобы, әскери ұшақтар және Ұлттық гвардия күштері жексенбіде АҚШ-тың Калифорния штатына аймақтағы жиырмаға жуық ірі орман өртін өшіру үшін келді. Сан-Франциско шығанағы аймағы өртеніп жатыр. 200 мыңнан астам адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған.

Калифорниядағы орман өртінен 6 адам мерт болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Өрт әртүрлі бағытта таралуда және бірнеше елді мекенге тараған», - деп хабарлады LNU Lightning Complex деп аталатын ең ірі өрт туралы Калифорнияның орман шаруашылығы және өрттен қорғау департаменті.

Соңғы аптада Калифорнияның солтүстігі мен орталығында найзағай түскен соң тұтанған өрт кем дегенде алты адамның өмірін қиды. 700-ге жуық үй мен басқа да ғимараттарды қиратқан. Жалпы алғанда, өрт салдарынан шамамен бір миллион акр жер жанып кетті.

Өрт Напа, Сонома, Лейк, Жоло және Солано округтеріндегі шамамен 340000 акр (1 акр - 0,4 гектар) аумақты қамтыған. Қазіргі уақытта бұл америкалық штат тарихындағы екінші ірі табиғи өрт және жексенбі күні түстен кейін тек 17%-ы ғана өшірілді. Оңтүстік бағыттағы SCU Lightning Complex деп аталатын өрт 339 000 акр аумаққа таралды.

Қазір оқып жатыр

Алматы соты «журналистерді қамап қойды» деген ақпаратты теріске шығарды

журналистерді қамап қойған

Маңғыстаудағы ауылдардың бірінде сексеннен астам үйдің ауласын су басты

су басу

Аида Балаева Президентке халықтың тұрмыс сапасы жөнінде есеп берді

Тоқаев, Балаева

Алматыда заңгер Әділетхан Молдаханның сотында журналистерді сыртынан қамап қойған

Әділетхан Молдахан