Калифорниядағы өртте қаза тапқандардың саны 16-ға жетті
АҚШ-тың Калифорния штатындағы жойқын орман өртінен қайтыс болғандардың саны 16 адамға жетті.

Алматы, NEGE. Табиғи апат салдарынан 12 мыңнан астам құрылыс күлге айналды. 180 мыңға жуық адам үйін тастап кетуге мәжбүр болды. Өрт әлі өшірілмегендіктен, нақты қаза тапқандар саны белгісіз.
Өрт Лос-Анджелес округінде 7 қаңтарда басталды және оны аймақ тарихындағы ең жойқын апаттардың бірі деп атады. Метеорологтардың айтуынша, құрғақшылық пен қатты жел өрттің тез таралуына себеп болған.
Өрттен Голливуд жұлдыздары Энтони Хопкинс, Адам Броди, Анна Фэрис, Мел Гибсон және басқа да танымал тұлғалардың үйлері жанып кеткен.
Айта кетейік, Daily Mail басылымының мәліметінше, Лос-Анджелес мэрі өрт басталардан бір апта бұрын өрт сөндірушілер бюджетін 49 миллион долларға қысқартуды, оның ішінде 16 өрт сөндіру станциясын жабуды талап еткен.
Қазір оқып жатыр
«Жауапкершіліктен жалтармаймыз»: Қорғаныс министрі Каспийдегі трагедиядан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына кім және қандай көмек көрсетпек?

Рөлі істен шығуы мүмкін: Volkswagen мен Audi-дің 900 мыңға жуық көлігі кері шақырылды

Қазақстан құрамасының тағы бір көшбасшысы Ұлттар лигасындағы матчтарға қатыспайтын болды

