USD
USD
USD

Калифорнияда ұшатын көлік сынақтан өтті

Alef Aeronautics компаниясы жаңадан құрастырылған электромобиль 160 шақырымнан астам қашықтыққа ұшатынын мәдімдеді.

Калифорнияда ұшатын көлік сынақтан өтті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бірақ әзірге сынақ кезеңінен өтіп жатқан көлік жерден қатты алыстай қойған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews арнасына сілтеме жасап.

Технологиялық жаңалықтар адамзатты ғарышқа ұшырып, интернет пен жасанды интеллект жетістіктеріне де жеткізді, алайды көліктің ұшуы адам нанғысыз фантастикадай көрінеді.

Дегенмен, америкалық Alef Aeronautics компаниясы келесі жылы адамзат көліктің де көкке көтерілгенінің куәсі болатынын мәлім етті.

Детройт автосалонында калифорниялық компания A үлгісіндегі ұшатын көліктің прототипін таныстырды. АҚШ федералды авиация әкімшілігі жазық жерде жүруге және ұшуға қабілетті алғашқы электромобильді сынап көруге рұқсат берді.

Әзірге компания көпшілікке арналған эксперименттік рейстерді немесе көліктің ұшу кезіндегі бейнежазбаларын жариялаған жоқ.

Көлік екі пропеллермен жабдықталған, бұл оның тік ұшып көтерілуіне және қонуына мүмкіндік береді.

Компания өкілдерінің айтуынша, электромобильдің жердегі жүру қашықтығы 320 шақырымға жуық, ал ұшу қашықтығы 160 шақырымнан асады.

Қазір оқып жатыр

Алматы – Қорғас тасжолындағы көлік апаты: тағы бір адам ауруханада көз жұмды

жол апаты

Қара тізімге енген Alibaba Пентагонды сотқа берді

Alibaba

Еуроодақ заңсыз мигранттарды Қазақстанға жіберуі мүмкін бе: СІМ жауап берді

СІМ

АҚШ-та жұмбақ жағдайда қайтыс болған қазақстандық жігіттің денесі елге әкелінді

Әсет Құралбай