USD
USD
USD

Қалетаевты қандай қылмыстық іске қатысты Нұр-Сұлтанға шақыртты?

Мереке күндері Nege.kz порталының редакциясына аса қызық құжат келіп түсті. Бұл құжат Қазақстанның Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі Дархан Қалетаевқа қатысты.

Қалетаевты қандай қылмыстық іске қатысты Нұр-Сұлтанға шақыртты?
Фото: NEGE.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі әлдебір қылмыстық іске қатысты түсініктеме беруі үшін елші Дархан Қалетаевты елге шақыртқан. Алайда Қалетаев пандемияны және Украина мен Қазақстан арасында әуе рейстері сирегенін сылтау етіп, елге келуден бас тартқан. Бұдан бөлек, ол Қазақстан мен Украинадағы әлдебір күштердің арандату ұйымдастыруы мүмкін екенін, «Дипломатиялық қызмет туралы» заңды мысал етіп, «шетелде жүрген мерзімде дипломатиялық артықшылығы мен иммунитеті бар екенін» ескертеді.

Дархан Қалетаевты Антикор не үшін шақыртты? Президенттің шетелдегі өкілін шұғыл түрде елге алғызуға не түрткі болды?

Дереккөздің пайымдауынша, оны «Астана» спортклубынан ұрланған миллиардтарға байланысты түсініктеме беру үшін шақыртқан болуы әбден мүмкін. Естеріңізге салайық, Дархан Аманұлы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының атқарушы директоры болып тұрғанда аты дардай «Астана» спортклубының қамқорлық кеңесіне де төрағалық еткен. Кейін бұл клубтан миллиартдар жымқырылғаны мәлім болды.

Сыртқы істер министрлігінің өкілі тілшімізге қысқа түсініктеме беріп, Д.Қалетаев Қазақстанның Киевтегі елшілігінде қабылдау өткізгенін, кездесуден соң оның бірден елге келетінін айтты.

Іле-шала «Время» газетінің тілшісі Михаил Козачков Телеграм каналында былай деп жазды: «Дархан Қалетаев телефон соқты. Ол екі күннен бері Нұр-Сұлтанда екен. Ешкімнен жасырынып жүрген жоқ, антикордан да қашпапты. Комментарийде өзінің отбасы мүшелері туралы боқтық жазбауды өтінді. Айтпақшы, ол дұрыс айтады, боқтық жазу керек емес».

Nege.kz порталының редакциясы осы мәселеге байланысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне, Сыртқы істер министрлігіне ресми сауал жолдайды және елші Дархан Қалетаевтың өзіне де хабарласып, нақты пікір алуға тырысады.

Сұрақтарға жауап нақты болмаған жағдайда түрлі алыпқашпа әңгімелер туындауы мүмкін екенін тараптар жақсы түсінеді деп ойлаймыз.  

Қазір оқып жатыр

Шри-Ланка әуежайында 22 дін қызметкері есірткімен ұсталды

.

Әлемдегі жанармай дағдарысы: Қазақстан рейстерді қысқарта ма?

авиаотын

Министрлік Aitu қосымшасына қатысты «накруткаға» бақылау жасамайды

Aitu

«Кресло», «жалюзи», «комодқа» қазақша атау тапқанға ақша беріледі

кітап