Қалбатау – Майқапшағай тас жолы 25 қарашада іске қосылмақ
Қалбатау – Майқапшағай тас жолын іске қосу қарашаның 25-іне межеленіп отыр. Ұзындығы 415 шақырым болатын күре жол 2017 жылдан бастап «Нұрлы жол» мемлекеттік инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында қайта жаңғыртылып жатыр.
Алматы, NEGE. Естеріңізге сала кетсек, осыдан бір ай бұрын Көкпекті ауданының тұрғындары көптеген учаскілерде жұмыстың тоқтап тұрғанын айтып, шағымданған. Қазір техника мен адам саны көбейіп, жұмыс жандана түскен. Дегенмен, Қалбатаудан Боғасқа дейінгі 210 шақырымдық 5 участокта әлі де 450 адамның үштен бірі жетіспей жатыр. Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік аудандарын ғана емес, Қытай мен Ресейді жалғап жатқан маңызды күре жолдың құрылысы еліміздегі карантиндік шектеулерге байланысты тоқтап қалған еді.
Қалбатау – Майқапшағай жобасының сапасына жауапты техникалық бақылау мекемесі өкілдерінің айтуынша, маман тапшылығынан өзге де мәселелер жеткілікті. Мәселен, айналма жолдарда 40 тонналық ауыр жүк машиналарына жүруге болмайды. Дегенмен, осы маңайдағы кен орындарының көліктері бұған пысқырмайды екен. Жол салушылар битум күтіп те ұзақ отырып қалған.
Бүгінгі таңда бұл жол құрылысына бөлінген 157 миллиард теңгенің 90 миллиарды игерілгенін атап өтейік. Жобаны толық аяқтау 2022 жылға жоспарланған.
Қазір оқып жатыр
«Бір ғана өтінішіміз – бостандығымыздан айырмаңыздар»: Жанабыловтар сотта жылап тұрып кешірім сұрады
Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?
Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады
Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан