USD
USD
USD

Қаланың қақ ортасына жылқы жайып, жауапқа тартылды

Әлеуметтік желілерде жүргізілген мониторинг барысында мал жаю ережесін бұзу анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаланың қақ ортасына жылқы жайып, жауапқа тартылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алаңдаушылық білдірген тұрғындар жылқылар Төле би даңғылы мен Шығыс айналма жолының қиылысындағы көпірде жайылып жүргенін хабарлады.

Біздің бөлімшенің учаскелік инспекторлары шұғыл түрде мал иесін анықтады, ол – 1989 жылы туған Е.есімді ер адам. Оған қатысты ҚР ӘҚбК-нің 408-бабы – ауылшаруашылық малдарын жаю ережелерін бұзу бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Сонымен қатар, заң, ауылшаруашылық жануарларының иелеріне қайтымсыз болуы мүмкін жол апатының салдары және де басқа да төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында оларды түнде қорада ұстауға және үй жануарларының жол бойында пайда болуына жол бермеуге міндеттейтінін ескертеміз, – деді Медеу аудандық Полиция басқармасы бастығының орынбасары Фархат Сбанбаев.

Қазір оқып жатыр

Жасанды интеллект дәуіріндегі кино: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

Кино

«Қызымды өзім қарсы алдым»: Төреғали Төреәлі жеті перзенттің әкесі атанды

Төреғали Төреәлі

Абай облысында жоғалып кеткен үш жасар баланы полицейлер ен даладан тапты

бала

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған

Аурухана