USD
USD
USD

Қалалық автобус паркін жаңартуға 30 млрд теңге бөлінеді

Қалалық автобус паркін жаңартуға 30 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлім етті.

Қалалық автобус паркін жаңартуға 30 млрд теңге бөлінеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бірінші вице-спикердің атап өтуінше, «Жасыл даму» АҚ есепшотындағы 200 млрд теңгеден астам бос қалдық қаражаттың 100 млрд теңгесі отандық көліктерді сатып алу үшін жеңілдетілген автонесиеге беріледі. Ал 30 млрд теңгесі қалалық автобус паркін жаңартуға жұмсалады.

«30 млрд теңгені қалалық автобус тасымалындағы ахуалды жақсарту үшін автобус паркін жаңартуға жұмсау туралы шешім қабылданды. Мұндай қажеттілік баяғыда-ақ туындаған. Бірақ, автобус сатып алуда, нақты пайыздық мөлшемелерді төлеуде айтарлықтай бір қиындықтар бар. Бұл тасымалдаушыларға қиындық туындатады. Оның жолақы құнына да қатысы бар. Оған мүмкіндігінше жол бермеу керек. Сондықтан аталған автобустарды тасымалдаушыларымызға 7 жыл мерзімммен, нөлдік мөлшерлемемен сату туралы шешім қабылданды. Осылайша, отандық өндірушілерді ынталандырамыз және бұл қаражат азаматтардың игілігі үшін жұмыс істейді», - деді Роман Скляр «Хабар-24» телеарнасындағы «Сұхбат» бағдарламасы барысында.

Қазір оқып жатыр

Жаңа оқу жылы: Қазақстан мектептеріндегі өзгерістер қандай?

оқушылар

Атырау облысында 12 мың орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Атырау облысы жаңа оқу жылы

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

хабарлама