USD
USD
USD

Қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы Алматы тұрғындары мен қонақтарына үндеу жасады

Алматы қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы қар мен көктайғаққа байланысты оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтарына үндеу жасады.

Алматы
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы, NEGE. Алматы қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы ақпаратынша, 23 ақпанда сағат 20.30-да қалада қар жауа бастады, ол 25 ақпанға қараған түнге дейін жалғасады деп болжанды.

Ауа температурасы күндіз -3...-5, түнде -10...-12 градусқа жетеді. Түнгі уақытта көктайғақтың алдын алу мақсатында 168 құмсепкіштің көмегімен жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себілді.

Күндізгі уақытта қар тазалау жұмыстарына барлығы 483 арнайы техника мен 1175 жол қызметкері жұмылдырылған.

«Көктайғаққа, жолдарда қардың көбеюіне және тротуарлардағы көктайғаққа байланысты көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерден сақтық шараларын сақтауды сұраймыз, үсік шалудың алдын алу үшін жылы киіну қажет», – делінген хабарламада.

Жүргізушілерге жылдамдықты азайтуға, көліктер арасындағы қашықтықты алшақтатуға, кенеттен маневр жасаудан аулақ болуға кеңес берілді.

Сондай-ақ жүргізу тәжірибесі аз адамдарға қоғамдық көлікке ауысу ұсынылды.

Қазір оқып жатыр

Алматы – Қорғас тасжолындағы көлік апаты: тағы бір адам ауруханада көз жұмды

жол апаты

Қара тізімге енген Alibaba Пентагонды сотқа берді

Alibaba

Еуроодақ заңсыз мигранттарды Қазақстанға жіберуі мүмкін бе: СІМ жауап берді

СІМ

АҚШ-та жұмбақ жағдайда қайтыс болған қазақстандық жігіттің денесі елге әкелінді

Әсет Құралбай