USD
USD
USD

Қалада интернеттің нашарлығы тұрғындардың радиация фобиясынан – министрлік

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қалаларда интернеттің сапасыз болуына түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалада интернеттің нашарлығы тұрғындардың радиация фобиясынан – министрлік
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE.  «Үлкен қалалардағы байланыс сапасының нашар болуына радиация фобиясына бой алдырған тұрғындардың өзі кінәлі. Көпқабатты үйлердің шатырына байланыс қондырғысын орнату үшін әр пәтердің тұрғынынан келісім алу керек. Үлкен қалалардың интернет байланысы нашар тұстарына базалық станса орнатпақ болған операторлар осындай проблемаға жиі тап келеді», - деп жазылған министрліктің ҚазАқпарат сауалына жолдаған жауабында.

Ведомство мамандары бұл проблеманы еңсеру бағытындағы жоспарларын да атады. Салық кодексіне енгізілген түзетулер бойынша, 2020 жылдан 2024 жылға дейін қалалық және ауылды елді мекендерде кеңжолақты интернет тарту аясында радиожиілік спектрдің жылдық төлемақысын 90% азайту көзделген. Есесіне операторлар осы аралықта интернет сапасын мінсіз етуі керек.

«Осы жоспар аясында 2022 жылдың аяғына дейін 768 ауылда кеңжолақты интернет тарту көзделіп отыр. Қазір осы ауылдардың 628-інде тиісті жұмыстар жүргізілді. Қалған 140 елді мекенде 2022 жылға дейін кеңжолақты интернет пайда болады», - деп жазылған министрлік мәліметінде.

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов

ШҚО тұрғындарын өзен суының түсі алаңдатып отыр

өзен

Hyundai, Kia және Geely сатылымы құлдырады: қытайлық көліктерге сұраныс артты

Changan

Алматы әкімдігі «Family Park-тің орнына тұрғын үй кешені салынады» деген сыбысқа жауап берді

Family Park