15 Қыркүйек 19:20
...

Қала күніне орай Алматыда қандай іс-шаралар ұйымдастырылады?

Фото:

Қала күні жыл сайын қыркүйектің үшінші жексенбісінде тойланады.

Алматы, NEGE. Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі биыл қала күніне орай ұйымдастырылатын шаралар тізімін жариялады. 16-18 қыркүйек аралығында қала тұрғындары мен қонақтары жәрмеңке, концерт, шоу, фестиваль және тағы басқа дәстүрлі іс-шараларды тамашалай алады. 

16 қыркүйек 

- "Алатау" дәстүрлі өнер театрында сағат 15.00-де республикалық ақындар айтысы болады. 

- "Медеу" БСК-де сағат 16.00-де Medeu Party халықаралық стрит-арт фестивалі өтеді. 

17 қыркүйек 

- "Астана" алаңында сағат 17.00-де "Gakku дауысы" заманауи қазақстандық музыка фестивалі болады. 

- Қаланың барлық ауданында мерекелік концерттер өтеді. 

- Абай атындағы ҚҰОБТ алдындағы алаңында 17-18 қыркүйек күні сағат 11.00-ден бастап 1940-шы жылдардан бастап қазіргі күнге дейінгі қаланың мәдени-тарихи дәуіріне арналған "Сүйемін сені, Алматы" фестивалі ұйымдастырылады. 

18 қыркүйек 

- Тұңғыш президент саябағында сағат 11.00-де "Алма fest" негізгі мерекелік іс-шарасы өтеді. Бұл жерде алма жәрмеңкесі, концерттер және тағы басқа болады. 

- Almaty Arena мұз айдыны кешенінде сағат 18.00-де Salem Almaty концерті өтеді. 

- "Астана" алаңында сағат 19.00-де Zhuldyzdy Live концерті өтеді.

Тегтер: