USD
USD
USD

Қала күніне арналған барлық іс-шаралар ашық аспан астында өтеді

Шымкент қаласының 2200 жылдығы және Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 19 маусым - Қала күні мерекесі тойланады. 

Қала күніне арналған барлық іс-шаралар ашық аспан астында өтеді
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Осыған орай, Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен 15-20 маусым аралығында 52 мерекелік іс-шараны өткізу жоспарланды. Барлық іс-шаралар ашық аспан астында өтеді. Шымкенттіктер мен қонақтар үшін қала орталығындағы саябақтарда кітап көрмесі, театрларда тегін қойылымдар, жаңарған, күрделі жөндеуден өткен заманауи кітапханалардың ашылу салтанаты, ашық аспан астындағы түрлі ойын-сауық кештері болады.

Айта кету керек, театр, мәдениет сарайындағы мерекелік қойылымдарға келген көрермендер Ashyq қосымшасы арқылы тексеріліп, ара қашықтықты сақтай отырып тамашалайды. Сонымен бірге іс-шараларды тамашалаушылар антисептик қолданып, бетперде тағуы міндетті. Ал мерекелік іс-шараларының бастамасы болып бүгін сағат 15.00-де Әл-Фараби қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында жазушы, шежіреші Момбек Әбдіәкімұлының «Шымкент қаласының тарихы» атты жаңа кітабының тұсауы кесіледі. 

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

күдікті

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

.

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

.

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

.