USD
USD
USD

Қала әкімінің орынбасары жастармен еркін форматта әңгімелесті

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Қаратау аудандық жастар орталығының коворкинг залында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Махсұт Исахов қала жастарымен еркін форматта кездесті.

Қала әкімінің орынбасары жастармен еркін форматта әңгімелесті
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Іс-шараға «Шымкент жастар лигасының» 2 орын иегерлері, оқу орындарының және қаламыздың белсенді жастары қатысып, белсенділік танытты.

Еркін форматтағы кездесу барысында қала әкімінің орынбасары орталықтың жұмыс барысымен танысып, қала жастарының қызығушылықтары жайында әңгімелесті.

Сонымен қатар, Мақсұт Пернебайұлы жастарды толғандырып жүрген мәселелері мен алдағы жоспарлары жайында пікір алмасып, еңбек тәжірибесімен бөлісті.

Кездесуде барлық санитарлық - эпидемиологиялық талаптар сақталып, қатысушылар Ashyq қосымшасы арқылы кіргізілді.

Еркін форматтағы мұндай жүздесулер аудандық жастар орталықтарында тұрақты түрде ұйымдастырылуда.

Қазір оқып жатыр

​Серікқали Брекешевке жаңа қызмет бұйырды

Серікқали Брекешев

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйелдің мәйіті табылды

.

Астанада кішкентай баланың туберкулезді қайдан жұқтырғаны анықталып жатыр

Аурухана

КҚК мұнай қабылдауды қайта бастады

КҚК шабуылы