USD
USD
USD

Қала әкімінің орынбасары бірқатар құрылыс нысандарында болды

Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы сынды бірқатар салаларға жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов құрылысы жүріп жатқан бірқатар нысандарды аралап көрді.

Қала әкімінің орынбасары бірқатар құрылыс нысандарында болды
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Аталған нысандардың ішінде Қонаев даңғылының Рысқұлов көшесімен қиылысы тұсында жолайрық құрылысы да бар. Құрылыс бүгінде қарқынды жүріп жатыр. Жоспар бойынша жолайрықты жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған. Қазіргі таңда 1,92 шақырым су және 1,82 шақырым газ құбырларының, 1,2 шақырым электр және 0,6 шақырым байланыс сымдарының орны ауыстырылып, жер асты өткелінің жұмыстары, қада құю және Рысқұлов көшесінің Қонаев даңғылынан Байтұрсынов көшесіне дейінгі аралықта жол бөлігінің жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетерлігі, Қонаев даңғылында өткел арқылы көліктердің қозғалысын ашу 1 қыркүйекке дейін, ал Рысқұлов көшесін көпірдің құрылысымен бірге көліктердің қозғалысы үшін ашу 1 қарашаға дейін деп жоспарланған.

Жолайырық құрылысында болып, жұмысшылармен кездескен қала әкімінің орынбасары құрылыс аумағына түсетін жер телімдері уақтылы мемлекет мұқтажына алынған жағдайда жолдың құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отырғандығын атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек