USD
USD
USD

Қала әкімінің орынбасары әлем чемпионатының жүлдегерін құттықтады

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов бойжеткендер арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған Дана Дидайға сый-құрмет көрсетті.

Қала әкімінің орынбасары әлем чемпионатының жүлдегерін құттықтады
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Мақсұт Пернебайұлы спортшы мен оның бапкерін жеңісімен құттықтап, спорт саласында аянбай еңбек етіп, елдің намысын қорғап жүргені үшін алғысын жеткізді.

Бокстан Польшаның Кельце қаласында өткен жастар арасындағы әлем біріншілігінде шымкенттік спортшы күміс жүлдегер атанған еді.

75 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Дана Дидай финалда үндістандық Санамача Токчоммен шеберлік байқасты. Аса тартысты өткен бәсекеде жерлесіміз 2:3 есебімен есе жіберді.

Айта кетейік, Дана Дидай – Шымкент қалалық № 5 кәсіпқой бокс түрлері клубының шәкірті.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек