USD
USD
USD

ҚАЛА ӘКІМІ «ТАССАЙ» ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҒЫНДАҒЫ ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Тассай» индустриалдық аймағында орналасқан «DentaFill Kazakhstan» ЖШС дәрі және гигиеналық заттар өндірісінің құрылысы барысымен танысты. 

ҚАЛА ӘКІМІ «ТАССАЙ» ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҒЫНДАҒЫ ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Жоба құны – 2 500 млн тенге. Кәсіпорын жылына 10 млн дана дәрілік препараттар шығаруға қауқарлы. Жаңадан 90 жұмыс орны ашылады.

2020-2021 жылы іске асыру жоспарланған нысанның бүгінде 80 % құрылыс жұмыстары аяқталды. Қараша айында құрылысы аяқталып, желтоқсан айының басында құрылғылар орнатылады.

Қала әкімі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, импортқа тәуелділікті азайту үшін мұндай кәсіпорындардың маңыздылығын атап өтті.

– Шымкент қаласы фармацевтика өндірісінің орталығы болуы тиіс. Қазір медициналық мақсаттағы өнімдерге сұраныс артып отыр. Жастарды өндірістік практикадан өткізіп, кәсіби мамандар даярлауды қолға алған дұрыс. Біз өз тарапымыздан көмек көрсетуге дайынбыз, – деді қала әкімі.

Айта кетсек, кәсіпкерлерге индустралдық аймақтан 1 га жер берілді. «Бизнестің жол картасы – 2020 бағдарламасы аясында инфрақұрылым тарту жұмыстары атқарылуда.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек