USD
USD
USD

Қала әкімі металлург стадионының құрылыс алаңына барды

Шымкент қаласының Абай ауданындағы «Металлург» стадионын қайта құру және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 1980 жылы пайдалануға берілген спорт кешенінің тозығы жеткен болатын.

Қала әкімі металлург стадионының құрылыс алаңына барды
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Қала әкімі М. Әйтенов аталған нысанның құрылыс барысын аралап көрді. Біраздан бері жоспарда жүрген қайта қалпына келтіру «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында өткен жылдың мамыр айында қолға алынған.

Мердігер мекеме - «Югстройсервис-Н» ЖШС-ы. Қазіргі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша спортшылар үйінде қабат аралық жабын – 50%, 1504 орынға арналған трибуна металлды құрылым монтаждау – 80%, спортзал жер жұмыстары – 40 пайызға орындалды.

Қала әкімі жұмыстың барлық кезеңінде сапаны басты назарда ұстау керектігін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек