USD
USD
USD

Қала әкімі құрылыс нысандарын аралады

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы бірқатар құрылыс нысандарын аралады.

Қала әкімі құрылыс нысандарын аралады
Фото: NEGE.kz

 

Шымкент, NEGE. Солардың бірі - Қонаев даңғылы жалғасында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары. Бүгінде 3-кезеңге сәйкес Терешкова көшесінен Бөгет көшесіне дейінгі аралықта жұмыстар қарқынды жүруде. Аталған көше бойынша орташа жөндеу жұмыстары 2020-2021жылдар аралығына жоспарланған. Шымкент қаласының маңызды көшесі саналатын бұл даңғылдың құрылыс жұмыстары «КазахДорСтрой» ЖШС-на жүктелген. 3-кезеңдегі жұмыстар жалпы ұзындығы 6 жолақты 0,561 шақырымды құрайды. Ал жолдың ені 42 метр.

Бүгінгі таңда 700 м екі бағытты айналма темір жолын, 948м кәріз құбырын салу, 3,4 шақырым кабель желілері, 24 темір жол электр бағаналарын және 2 дана жер асты жаяу жүргіншілер өткелдерін орнату, темір жол өткелінің 24 дана свай құю, 12000м3 жер жұмыстары және 2 дана темір жол көпірінің негізін құю және 2 дана теміржол балкаларын орнату жұмыстары орындалған. Қазіргі уақытта тіреу қабырғаларын құю, инженерлік желілердің орнын ауыстыру, мемлекет мұқтажына алынған үйлерді сүру жұмыстары жүргізілуде.

Темір жол астынан өтетін жол өткелінің қазу жұмыстарын жалғастыру үшін Терешкова көшесінен темір жолға дейінгі нысандарды мемлекет мұқтажына қайтару қажеттігі туып отыр. Осыған орай, қала әкімі мемлекет мұқтаждығына қайтару керек үйлердің тұрғындарымен келіссөздер жүргізіп, халыққа тиімді болатын жағдайларды қарастыру керектігін жеткізді. Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек