USD
USD
USD

Қала әкімі Әл-Фараби ауданында атқарылып жатқан жұмыстар барысымен танысты

Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов жұмыс сапарын Наурыз шағын ауданында жүргізіліп жатқан кәріз жүйесімен танысудан бастады.

Қала әкімі Әл-Фараби ауданында атқарылып жатқан жұмыстар барысымен танысты
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Әл-Фараби ауданындағы 64 525 абоненттің 86 пайызы кәріз жүйесімен қамтылған. 8309 (14%) абонент қамтылмаған.

Наурыз шағынауданы тұрғындарын кәріз жүйесімен қамту үшін құрылыс жұмыстары мамыр айында басталған. Бүгінде Тайман, Еркіндік, Сүлейменов және Мейірбеков көшелері кәріз жүйесіне қосылды. Кәріз жүйесіне арналған құбыр Қазиев көшесіндегі коллекторға қосылады.

Одан бөлек, Самал шағынауданын кәріз жүйесімен қамту мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Аталған шағынаудандардағы жұмыстар келер жылға өтпелі, жұмыстар толық аяқталғаннан кейін кәріз жүйесімен қамтылған абоненттер саны 58 072-ге жететін (90%) болады. Қазіргі таңда негізгі жұмыстар аяқталып, жолды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Жұмыс барысымен танысқан қала әкімі көшелерді толық және сапалы түрде қалпына келтіруді, мерзімінде аяқтауды тапсырды.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек