USD
USD
USD

Қайтадан локдаун басталды

Бүгін Мажарстанда пандемия басталғаннан бергі ең қатаң шектеу шаралары күшіне енеді, – деп хабарлайды Euronews.

Қайтадан локдаун басталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Жетінші сәуірге дейін елдегі балабақшалар мен бастауыш мектептер жабылады. 22 наурызға дейін қызмет көрсету кәсіпорындары, азық-түлік пен дәріханаларды қоспағанда, барлық дүкендер жұмысын тоқтатады.

Өткен демалыс күндері Будапешт қаласында және басқа да ірі қалаларда сатып алу белсенділігінің өсуі байқалды. Супермаркеттер мен жиһаз дүкендері жанындағы автотұрақтарда бос орын болған жоқ», – деп жазды Euronews.

Жаңа шектеулер туралы ел билігі бейсенбіде коронавирус инфекциясы саны өсіп жатқанда жариялады.

Үкімет кәсіпорын басшыларын (мүмкін болған жерде) қызметкерлерді қашықтан жұмыс режиміне ауыстыруға шақырды. Мажарстан шекараларында қатаң бақылау енгізуге ниетті, бірақ жүк пен транзит тасымалдар шектелмейді.

Елде халықты вакциналау бойынша белсенді науқан жүріп жатыр. Қазіргі уақытта онда бес препарат қолжетімді: американдық-германдық консорциумнан Pfizer-BioNTech, американдық компаниядан Moderna, британдық-шведтік AstraZeneca, ресейлік «Спутник V» және Қытай екпесі.


 

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында колледждің 45 студенті оқудан шығарылып, директоры жұмыстан босатылды

Қазақстан агротехникалық колледжі

Гаухар Қаппарова Хорватияның Алматыдағы құрметті консулы болып тағайындалды

Гаухар Қаппарова

Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекетінің бірі алты айға жабылады

Өткізу бекеті

Жетісу облысында полицейлер жүк көлігіндегі 38 жылқыны тірідей жанып кетуден құтқарып қалды

Полицейдің жылқыларды құтқару сәті