USD
USD
USD

Қайта вакциналаудың алғашқы легіне кімдер қатысады?

Қазақстанда қайта вакциналау қарашаның үшінші декадасында басталатын болды.

Қайта вакциналаудың алғашқы легіне кімдер қатысады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссия осындай шешім қабылдады. Бұл туралы ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналы жазды. «Комиссия отырысында бірқатар маңызды шешімдер қабылданды» делінген ресми хабарламада.

Соның бірі – халықты қайта вакцинациялау мәселесі. «Ағымдағы жылғы қарашаның үшінші онкүндігінен келесі санаттағы адамдар үшін қайта вакциналауды бастау жоспарланып отыр: тәуекел топтары (медицина қызметкерлері, педагогтар, медициналық-әлеуметтік мекемелер мен жабық мекемелердің персоналы мен контингенті, күш құрылымдарының қызметкерлері); 60 жастан асқан адамдар; өздігінен зерттеулерден өткен және КВИ-ға қарсы антиденелерге теріс тест нәтижесі бар адамдар», - деп жазылған комиссияның шешімінде.

Ведомствоаралық комиссия Ashyq жобасына қатысатын кәсіпкерлік нысандарының жұмыс уақытын ұлғайтты. Нақтырақ айтсақ, «жасыл аймақта» - сағат 03:00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін сағат 05:00-ге дейін; «сары аймақта» - сағат 01:00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін сағат 03:00-ге дейін жұмыс режимі белгіленді. Ресми мәлімет бойынша, Қазақстан 15 елмен вакцинациялау паспортын тану туралы келісімге қол жеткізген. Олар: Түркия, Мажарстан, Грузия, Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы, Моңғолия, Таиланд, Беларусь Республикасы, Армения, Иран, Сан-Марино, Аргентина, Эстония, Үндістан мен Филиппин.

Қазір оқып жатыр

«Ешқайсысына араша түспеймін»: Министр Ақтаудағы хирург пен ата-ана дауына пікір білдірді

Ақмарал Әлназарова

«Центр плова Loft» ісі: 12 адамның өліміне кінәлі үш адамға шығарылған үкім өзгеріссіз қалды

Щучинск

Келер жылдан бастап шетелге жұмыс істеуге шығатын қазақстандықтар есепке алынбақ

Жолаушы

Қазақстанда 70 мың медицина қызметкерінің жалақысына қосымша ақы қосылады

Дәрігер мен науқас