Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Каирде тұрғын үй опырылып, 22 адам қаза тапты

Сенбі күні Каирде көп қабатты тұрғын үйдің опырылып түсуі салдарынан қаза тапқандар саны 22 адамға жетті, деп хабарлайды  Extra News телеарнасы.

Каирде тұрғын үй опырылып, 22 адам қаза тапты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қайғылы оқиға түнде ел астанасының шығысындағы Гиср-эс-Суэйс атты халық тығыз орналасқан ауданда болды. Құтқарушылар күні бойы тірі қалғандарды іздеп, арнайы техниканың көмегімен үйінділерді бөлшектеді. Кешке мамандар көрші ғимараттардың құрылымдарына төнетін ықтимал қауіпті анықтау үшін құлаған 10 қабатты ғимаратқа жақын орналасқан ғимараттарды тексеруге кірісті.

Алдын ала мәліметтер бойынша үй иесі үстіңгі алты қабатты заңсыз қосып салған. Бастапқыда, 2011 жылы салынған үйде, төрт қабат болған. Куәгерлердің айтуынша, бірнеше күн бұрын бірінші қабатта орналасқан дүкенде оның иесі қабырғаларды тесіп, бірнеше тірек бағандарын бұзып, қайта салуды бастаған.  

Қазір оқып жатыр

«Әділет» партиясы: Қазақстан шикізатты аз, дайын өнімді көп сатуы керек

Айбек Дәдебай

ҚХП алимент бойынша берешекті өтеу үшін арнайы қор құруды ұсынды

Нұрсұлтан Шоқанов

«Байтақ» төрағасы: Біз Экономика және Қаржы министрлігін алмастырмаймыз

дебат

Іле Алатауы табиғи паркінде 13 гектар аумақ өртке оранды

Орман өрті