USD
USD
USD

Каирде Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығына орай ғылыми-практикалық конференция өтті

Каирде Қазақстан, Мысыр, Нидерланды және басқа елдердің ғалымдарының қатысуымен халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шара Бейбарыс сұлтанның 800 жылдық мерейтойына арналған.

Каирде Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығына орай ғылыми-практикалық конференция өтті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Конференцияны бастап берген Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми хатын оқыды. Президент Қазақстан мен Мысыр арасындағы екіжақты қарым-қатынастың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ оны нығайтуға ықпал етіп жүрген азаматтарға алғыс білдірді.

Осыдан кейін Бейбарыс сұлтан мешітін қалпына келтіруде белсенді жұмыс істеген Мысыр елінің бес азаматына «Шапағат»  медалі табысталды. 

Бұл жоғары лауазымды тұлғалар мен құрылыс компанияларының өкілдері.

Әрі қарай ғалымдар баяндама оқыды. Қазақ, араб және ағылшын тілдерінде сөйлеген спикерлер Қазақстандағы қыпшақ-мәмлүк мұрасын зерттеу, Бейбарыс сұлтанның ислам тарихындағы орны мен рөлі, мәдениетте қалыптасқан қолбасшы бейнесі сияқты тақырыптарды қозғады.

«Мұндай конференциялар Сұлтан Бейбарыс тарихын зерттейтін әр түрлі елдердің ғалымдарына тәжірибе алмасуға және зерттеу объектісіне жаңа көзқараспен қарауға көмектеседі. Ұлы қайраткердің тарих кеңістігінде ауқымы зор, сондықтан ғалымдар Сұлтан Бейбарыстың ислам, дипломатия, өнер тарихындағы рөлі туралы көптеген қызықты деректерді айтып, оны әртүрлі қырынан қарастырды», – деді Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.

Қазір оқып жатыр

«Ауылда» да төраға ауысты: Егізбаев орнын босатты

.

Оңтүстікте жұмыс уақытында құмар ойын ойнаған шенеуніктер қызметінен қуылды

.

26 маусымда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Парламент

«Ертіс қателікті кешірмейді»: Павлодар облысының әкімі тұрғындарға үндеу жасады

Ертіс