USD
USD
USD

«Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті

Белгілі футбол маманы Құрбан Бердыев «Қайрат» командасының бас бапкері қызметінен кетті.

«Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті. Бас бапкері Құрбан Бердыев келісім-шарт мерзімін уақытынан бұрын аяқтау туралы келісімге келген.

Онымен бірге көмекшілері Иван Данильянц, Дмитрий Кириченко, Андрей Мацюра және Эдуард Кундухов клуб сапынан кетеді. Құрбан Бердыев ойыншы ретінде де алматылық клубтың намысын қорғаған.

Алматылық клубта ол жартылай қорғаушы ретінде 160 ойын өткізген.

1990-жылдардың бастапқы шенінде бас бапкер және көмекші ретінде «Қайратқа» жетекшілік жасап, команда 1992 жылы Қазақстан біріншілігінің жеңімпазы атанды. 2021 жылы Қ.Бердыев алматылық клубқа қайта оралып, алғашқыда бақылау кеңесі төрағасының кеңесшісі қызметінде болды. Кейіннен негізгі команданың тізгінін ұстады. Оның жетекшілігімен команда алғаш рет еурокубоктың топтық кезеңінде ойын көрсетті.

Сондай-ақ, Қазақстан Кубогын жеңіп алды.

Қазір оқып жатыр

Щучинскіде сүйіктісін ұрып өлтірген ер адам 10 жылға сотталды

кісі өлімі

12 жылдық үкім жойылды: Шымкентте ҰҚК-нің бұрынғы подполковнигінің ісі қайта қаралады

Манат Сарбасов

Саша Барон Коэн «Борат» үшін қазақтардан кешірім сұрады

Борат

К1 жетіп тұр. Нұрбанк НЕГЕ қарыздың жартысын келесі жылы қайтаруы мүмкін?

Nur