USD
USD
USD

Қайраттың бағын жаққан әннің құны қанша?

  Кез келген

Қайраттың бағын жаққан әннің құны қанша?
Фото: NEGE.kz

концертінде ине шаншар орын болмайтын «мега-жұлдыз» Қайрат Нұртастың алғаш айтып шыққан «Арман», «Ауырмайды жүрек» әндері бүгінге дейін ел есінде. Осындай хит әндерді дүниеге әкелген сазгер Бауыржан Есебаевтың Қайраттың бағын ашқан әндерді қаншаға сатқаны белгілі болды.

Алматы, NEGE. Сазгер әлеуметтік желідегі бағдарламаның біріне берген сұхбатында  «Арман» әнін осыдан 15 жыл бұрын 600 долларға бағалағанын айтқан болатын. Әрине, сол кездегі нарық жағдайымен бағамдасақ, аталған соманың  көп-көрім ақша саналғаны жасырын емес. Ал «Ауырмайды жүректі» 500 долларға  бағалаған екен. Бұған қосымша Қайратқа «бір тойыма барып, ән айтып бересің» деп қолқа салған.

     Қайрат Нұртастың танымалдығы артып, тұрақты тыңдармандарын таба бастаған сәтте, сазгер мен әншінің әріптестік байланысы үзіліпті. Алайда, Есебаев танымал продюсердің біріне айналған Гүлзира Айдарбековамен қайта шығармашылық байланыс орнатуды жоспарлап жүр. Хитмэнге тағы бір туындыны ұсынбақ ниетте. Иә, «Әннің бағын әнші ашса, әншінің бағын ән ашады» деп тегін айтылмаса керек.  Олай болса, Қайраттан әлі де талай хит әндер күтеміз!
 

Қазір оқып жатыр

Астана мен Алматыда пәтер бағасының өсуіне не әсер етеді?

Астана

Мұнай бағасы тағы өсті

Мұнай

«Псевдо ұлт деу – артық»: депутат Танакөз ақынның жазбасы жайлы

бапи

«Ертең мың адам тағы барады»: Депутат шетелде соғысқан қазақстандықтарға жазаны жеңілдетуге қарсы

мұрат әбен