Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қайрат Жолдыбай: Жас жігітті зорлау оқиғасында мешіттің еш қатысы жоқ

«Нұр Мүбәрак» мешітінің бас имамы Қайрат Жолдыбайұлы мешіт қарауылы 18 жастағы жігітті зорлады деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

Қайрат Жолдыбай: Жас жігітті зорлау оқиғасында мешіттің еш қатысы жоқ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Осы ақпараттан кейін әлеуметтік желілерде мешіт қызметкерлерін кінәлайтын түрлі теріс пікірлер тарап кетті. Осыған байланысты істің анық-қанығын ашып айтуды жөн санадым. Біріншіден, бала зорлады деген факті әлі нақтыланған жоқ. Екіншіден, бұл оқиғаның «Нұр-Мүбарак» университетімен, мешітімен және жатақханамен тікелей қатысы жоқ екенін айтқым келеді. Себебі аталған ғимараттар 6 гектар жерде орналасқан, осындай үлкен аумақты күзету үшін «Нұр Мүбарак» университеті арнайы лицензиясы бар күзет агенттігімен ақылы негізде келісімшартқа отырған. Сондықтан осы аумақты күзету ісі аталған агенттіктің мойнында», - дейді ол.

Оның айтуынша, оқиға болған жағдайдың өзінде де жауапкершілік осы компания қызметкерлерінің мойнында болады.

«Сондықтан бұл мәселеге қатысты мешітті, оның қызметкерлерін кіналау, олар жайлы теріс пікір жазу, ақпарат тарату орынсыз деп санаймын», - дейді Қайрат Жолдыбайұлы.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда 10 мыңнан астам сайлау учаскесінде дауыс беру басталды

үгіт-насихат

Павлодар облысында алғаш боп дауыс берген сайлаушыларға сыйлықтар табысталды

Сайлау туралы заң

Құрылтай сайлауында Корея мен Жапониядағы қазақстандықтар алғашқы болып дауыс берді

Құрылтай сайлауы

Қазақстанда 1,8 млн бала мен жасөспірім тұрақты түрде спортпен айналысады

ойын