USD
USD
USD

«Қайрат» жартылай финалда «Барселонамен» ойнайды

Алматылық «Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасының ширек финалында португалиялық «Бенфиканы» жеңді.

«Қайрат» жартылай финалда «Барселонамен» ойнайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кездесу хорватиялық Задарда өтіп, қазақстандық клубтың пайдасына 6:2 есебімен аяқталды.

16-минутта Гадейя есеп ашты. Бірақ португалиялықтар есепті жылдам теңестірді. 31-минутта Эдсон алматылықтарды алға шығарды.

Осы голдан кейін «Қайраттың» негізгі қақпашысы қызыл қағаз алды. Екінші ескертуінен кейін Игита алаңнан қуылды. Оның орнына 19 жастағы Нарұн Серіков алаңға шыққан. 35-минутта «Бенфика» таразы басын теңестірді.  

Осылайша, матчтың негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталды. Сондықтан командалар екі экстра-тайм ойнады. 

Бірінші экстра-таймның соңында Дәурен Тұрсағұлов қарсыласынан сытылып өтіп, «Қайраттың» үшінші голын соқты. 

Екінші бесминуттықта Гадейя дабл-пенальтиден гол салып, дубль жасады. Ақтық ысқырыққа бір минут қалғанда Фернандиньо көзге түсті. Ал соңғы секундтарда Біржан Оразов матч нүктесін қойды.

Енді жартылай финалда «Қайрат» испаниялық «Барселонамен» кездеседі. Испаниялықтар ширек финалда «Добовецті» 2:0 есебімен жеңді.

Айта кетейік, былтырғы маусымда Чемпиондар лигасында «Барселона» топ жарып, үш дүркін жеңімпаз атанған еді. Ал «Қайрат» бұл турнирде екі рет жеңіске жеткен. 

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы