USD
USD
USD

Қайрат Сатыбалдыұлының ісі бойынша 14 миллион АҚШ доллары мемлекетке қайтарылды

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қайрат Сатыбалдыұлына және басқа да адамдарға қатысты жүргізіліп жатқан тергеп-тексеру аясында елден заңсыз шығарылған активтерді, оның ішінде қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын және өзге де мүлікті қайтару жөнінде шаралар қабылдауда, деп хабарлады қаржылық мониторинг агенттігі. 

Қайрат Сатыбалдыұлының ісі бойынша 14 миллион АҚШ доллары мемлекетке қайтарылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 2023 жылдың мамыр айының соңына қарай Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ететін Бас прокуратурамен бірлесіп, Біріккен Араб Әмірліктерінен жалпы сомасы 14 млн АҚШ долларын қайтарды.

Аталған қаражат мемлекет кірісіне айналдырылып, әлеуметтік мақсаттарда пайдаланылатын болады. Қылмыстық қудалау басталғаннан бері мемлекетке заңсыз сатып алынған Қ.Сатыбалдыұлы және онымен байланысты тұлғалардың 464 млрд теңгеден астам сомаға мүліктік активтері мен ақшалай қаражаттары қайтарылды. Оларға әкімшілік ғимараттар, эксклюзивті зергерлік бұйымдар, сәнді көліктер, қолма-қол ақша, акциялар мен компаниялардың үлестері, сондай-ақ теміржол кіреді.

Заңсыз шығарылған активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасуда.

Қазір оқып жатыр

Kaspi.kz арқылы енді жүктілікке және босануға байланысты төлемдерді рәсімдеуге болады

Kaspi.kz

Үкімет Қазақстан экономикасының 2027–2029 жылдарға болжамын таныстырды

Үкімет

Электросамокатпен тротуарда жүруге тыйым салатын ереже күшіне енді

ереже

Шымкентте газ құбырында өрт шықты

Газ құбыры