USD
USD
USD

Қайрат Сатыбалдыұлының бақылауындағы компания басшылары ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты істің тергелуі туралы ақпарат жариялады.

Қайрат Сатыбалдыұлының бақылауындағы компания басшылары ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлы, Гүлмира Сатыбалды және басқа да тұлғаларға қатысты тергеуді жалғастырып жатыр.

Тергеу барысында Сатыбалдыұлының бақылауындағы кәсіпорындардың - кірме теміржол желілері (соңғы шақырым) иелері ұрлығының қосымша фактілері анықталды.

Олар Мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары көмегімен елдің қала құраушы кәсіпорындарына кірме жолдардың қызметтеріне тарифті негізсіз көтеру арқылы көп миллиардтық пайда тапқан", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, Сатыбалдыұлының бақылауындағы екі компания басшылары ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынған. Кінәлілік туралы қорытынды шешімді сот анықтайды, делінген ведомство хабарамасында.

Қазір оқып жатыр

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов