USD
USD
USD

Қайрат Сатыбалдыұлы түрмеде отырып, қонақүй сатып алған ба?

Жекелеген азаматтар БАҚ және әлеуметтік желілерде «Double Tree by Hilton Almaty» қонақ үйін Қ.Сатыбалдыұлымен қоса адамдар тобының иемдену әрекеттері туралы ақпарат жариялады, деп хабарлады Антикор. 

Қайрат Сатыбалдыұлы түрмеде отырып, қонақүй сатып алған ба?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Антикор бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Барлығына белгілі, сотталған Қ. Сатыбалдыұлы қылмыстық-атқару жүйесінің тиісті мекемесінде бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жатыр.

Бұл ретте оған қатысты салықтарды төлемеуге және қылмыстық кірістерді заңдастыруға байланысты қылмыстардың басқа эпизодтары бойынша тергеу жалғасуда.

Тергеу барысында заңсыз шығарылған активтерді, сондай-ақ қылмыстық қаражатқа сатып алынған мүлікті қайтару бойынша шаралар қабылданады.

Осыған байланысты Сатыбалдыұлына залалды өтеу мақсатында бизнес орталықтар, әкімшілік ғимараттар, коммерциялық үй-жайлар, үйлер, пәтерлер, аяқталмаған құрылыс объектілері, жер учаскелері, эксклюзивті зергерлік бұйымдар, люкс автомашиналар мен ақшалай қаражат мемлекетке беріледі.

Олардың қатарына 2021 жылдың қараша айында Сатыбалдыұлымен байланысты кәсіпорын сатып алған «Double Tree by Hilton Almaty» қонақ үйі кіреді. Қазіргі уақытта осы объектіні мемлекет меншігіне қайтару аяқталуда», – делінген Антикордың хабарламасында. 

 

Қазір оқып жатыр

26 маусымда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Парламент

«Ертіс қателікті кешірмейді»: Павлодар облысының әкімі тұрғындарға үндеу жасады

Ертіс

Футбол федерациясы «Ордабасымен» өткен матчтан кейін «Елімайды», Карповичті және төрешіні жазалады

футболдағы жанжал

Маусымдағы жағдай бойынша республикалық бюджет тапшылығы 1,7 трлн теңге болды

Ақша