USD
USD
USD

Қайрат Сатыбалдының соты: Процесс ертең жалғасады

Бүгін Астана қалалық Байқоңыр ауданындағы №2 сотында Қайрат Сатыбалдының ісі қаралды. Сотталушы мен жәбірленуші тараптан бөлек, сот отырысына журналистер де онлайн режимде қатысты.

Қайрат Сатыбалдының соты: Процесс ертең жалғасады
Фото: NEGE.kz

Сот процесінен аудио, видеожазбаға түсіруге Қайрат Сатыбалды мен адвокаттары қарсылық білдірді. Ал жәбірленуші тарап бұл мәселені соттың өз шешіміне қалдырды. Барлық пікірді тыңдаған судья Нұрлан Баяхметов БАҚ өкілдеріне сот қаралымынан аудио-видео тарату мен жариялауға тыйым салды.

Сот отырысында Қайрат Сатыбалдыұлының «Қазақтелеком» АҚ үшін 12 млрд-тан астам шығын келтіргені анықталды. Алайда Қайрат Сатыбалды «Қазақтелеком» АҚ-пен медиативтік келісім жасасып, ол шығынды қайтарған. Медиативтік келісімде Леонид Муравьев, Ғани Бекетов, Мұхамеджанұлы, Шыңғыс Қоңырбаевтардың да есімі аталды. Ал мемлекетке келген жалпы шығын көлемі – 40 млрд теңге.

– Менің қорғауымдағы Леонид Муравьев, Ғани Бекетов, Мұхамеджанұлы, Шыңғыс Қоңырбаев өздеріне тағылған айыпты толығымен мойындайды. Ал Қайрат Сатыбалды тарапынан 12 млрд теңге жәбірленуші тарапқа қайтарылды, – деді адвокат Бауыржан Бибатыров.

Алайда, «Қазақтелеком» АҚ адвокаты Игорь Попов жәбірленуші тараптың мүліктік және құжаттық шығындары әлі толықтай қайтарылмағанын айтты. Оның ішінде бухгалтерлік құжаттар, келісімшарттар мен ноутбуктар бар.

Судья Нұрлан Баяхметов екі сағатқа жуық сот отырысынан кейін үзіліс жасап, іс қаралымын ертеңге қалдыратынын айтты.

– Сот ертең сағат 15.00-де тағы жалғасады. Анықталған мәліметтер бойынша сотталушы тарапқа сұрақтар қоямын. Ары қарайғы сот процесі сосын белгілі болады, – деді судья Баяхметов.

Айта кетсек, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды Қылмыстық кодекстің «Алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен мүліктік залал келтіру» (195-бап), «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» (189-бап) бабы бойынша айып тағылған болатын. Оның алғашқы сот отырысы 16 қыркүйекте өткен еді.

Қазір оқып жатыр

Аша Матай мен Тамара Асар Құрылтай сайлауына түседі

Аша Матай мен Тамара Асар

Республикалық маңызы бар автожолдың бірінде 10 күнге қозғалыс шектеледі

шектеу

Қазақстанда сыбайлас жемқорлықтан мемлекетке 4,7 млрд теңге залал келген

жемқорлық қылмыстары

Euronews арнасы қазақ тілінде жаңалық таратады

Қазақ тілі