USD
USD
USD

Қайрат Сатыбалды жазасын қай жерде өтейтіні белгілі болды

  26 ​​қыркүйекте Астана қаласы Байқоңыр ауданының №2 соты Сатыбалдыұлын алты жылға бас бостандығынан айырған болатын. 

Қайрат Сатыбалды жазасын қай жерде өтейтіні белгілі болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қайрат Сатыбалдыұлы жазасын Шығыс Қазақстан облысында орналасқан колонияда өтейтін болды.Үкім жарияланғаннан кейін 15 күн ішінде сотталушы немесе оның қорғаушылары сот шешіміне шағымданбаса, ол Шығыс Қазақстанда орналасқан ОВ-156/20 колониясына ауыстырылады.

«Бұл мекеме арнаулы және құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлеріне арналған. ОВ-156/20 қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздіктегі мекемесі», – деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

Ресми мәлімет бойынша, сотталған Қайрат Сатыбалдыұлы ауыстырылғанға дейін Астанадағы тергеу изоляторында болады. «Сотталған адам апелляциялық шағым түсірсе, оны қарау мерзіміне дейін тергеу изоляторында қалады», – деп толықтырды ведомстводан.

Сондай-ақ, Сатыбалдыұлы жазасын өтеу үшін мекемеге келгеннен кейін 15 күннен кейін туыстарымен кездесуге өтініш бере алатыны белгілі болды.

Қазір оқып жатыр

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити